21.07.2021
140
Сағыныш сазына қанықпын
Сағыныш сазына қанықпын,
О бастан мен мұңға жарыппын.
Тәңірім, жаным – бос, тән зілдей,
Сезімсіз күндерден жалықтым.
Көз ілмей көк барқыт түнімде,
Ойларға орандым жібітіп,
Сен болсаң, ұмытып,
Кеше де, келмедің бүгін де.
Келмейсің ертең де,
Күтуден мен бірақ шаршаман.
Сағыныш отына өртенбей,
Жолығам арманға аңсаған.
Сезінем, самалды сені өпкен,
Жаңбырды шаштарың шомылған.
Үмітті ысырып желөкпе,
Бір бақыт туады оңымнан.