21.07.2021
158
Сен өлген күн
Сен өлген күн,
Көзіңде Ай-нұр сөнген күн,
Өзіме қайғы төнген күн,
Сезімді мәңгі көмген күн.
Есімде
Күлкің, ақ жүзің
Іздеген бейнең бақ ізін
Наурыздың нәркес кешінде
Адыра қалды-ау арманың
Несіне?
Қайырым қатпай тағдырым,
Жазылмай жанда сан жырым
Иесіне.
Жете алмай жолда жыртылды,
Сағыныш сартап құртылды.
Сен өлген күн
Қиылып түсті қанатың,
Күтті ме жұмақ жәннаты
Бұлқынып жаның іргемде,
Жұлқынып тәнің бір демде.
Ұйқыда кейпің сәнді ме?
Көзінді жұмдың мәңгіге.
Өзіме қайғы төнген күн –
Сен өлген күн.