21.07.2021
221
Сенің бейнең оңымда
Сенің бейнең оңымда,
Сенің бейнең солымда.
Келем жалғыз тағы да,
Өлең саған қолымда.
Құтыла алмай елестен,
Елес, елес еместей.
Сағынышқа санамда,
Дауа таппай ғаламда.
Үмітіммен жасыған,
Сені жапқан тасыңа
Жыр оқимын жындыдай,
Жұбата алмай гүлді май.
Сабырсыз сан қарманам,
Жерге сыймай арманым.
О жақтағы үйіңде,
Орын бар ма тар маңым?
Сенің бейнең оңымда,
Сенің бейнең солымда.
Ағыл-тегіл сезімім
Сұлап жатыр жолымда.