21.07.2021
  158


Автор: Анар Шамшадинова

Оқыма жырды зар тұнған

Оқыма жырды зар тұнған,
Енді өлең жазбан антұрған.
Тәрк етем бәрін, тек қана,
Шабытты қайтем шарқ ұрған?
Сезімді тастап сұлатып,
Сауықты жүрем ұнатып.
Миымнан сені шығарам,
Басымды ауыртпас сыра түк.
Жақындай көрме маңыма,
Кек толды қоңыр қаныма.
Түнімде әнмен оралам,
Не тілек айтам таңыма?
Құмарлық құрып мазақтай,
Сағыныш кетсін тозаққа.
Осылай сенсіз күн кешем,
Бақытты болғын о жақта...





Пікір жазу