21.07.2021
121
Қарашада құса болған көңілге
Қарашада құса болған көңілге
Кім тұрады араша?
Кім тұрады араша?
Өлімнен көп жеңілетін өмірге
Неге үндемейді қараша?
Қарашада ғаріп болған жүректің
Кім табады дертін дөп?
Кім түсінер, тірек кім?
Неге өзімді күйдіреді өртім көп?
Тәңірімдей басынып,
Аяулымды келмес жаққа асырып,
Тірлігімді көкке ұшырған ажалды
Нұрлы күнде шоқ құшырған тажалды
Кім тоқтатар бас ұрып?!