21.07.2021
186
Жанымның жарасын ұғын
Жанымның жарасын ұғын,
Тәнімнің санасы мығым.
Мазалап, жазалап болсаң,
Кел-дағы алдыма жығыл.
Сезімді сел болған сөндір,
Қапасты қара күн төндір.
Болмаса басымды қатырмай,
Мені де ажалға көндір.
Кетейін өмірден солай,
Жүргенше хақ іздеп бұлай.
Ендігі тірлікте қалған
Қоймаспын өзіңе ұнай.
Бітсін тез өмірмен айқас,
Болсын тез, садақа, бәйгі, ас.
Тағдырым – жалғызым менің,
Мәңгіге жаныма жайғас.