21.07.2021
  111


Автор: Анар Шамшадинова

Жанымның азабы азайып

Жанымның азабы азайып,
Тәнімнің сырқаты басынды.
Тірліктен табылмай ғажайып
Ой емес, дерт жеді басымды.
Іссапар шеккендей күлкім де,
Дәрінің иісі алды шашымды.
Қос бүйрек ұйқысыз бұл күнде
Арманым далаға шашылды.
Жүрегім тырмысып, тырысып
Барлығын білдіріп соғады.
Тұла бой төсектен құрысып,
Бес тәулік бар денем шоқ әлі.
Ем таппай сабылған маман көп,
Түрткілеп, тудырып тақырып.
Мен жатам, жүруге шамам жоқ,
Бекетті көмекке шақырып.





Пікір жазу