21.07.2021
  142


Автор: Анар Шамшадинова

Алатау қарайды бақсыдай

Алатау қарайды бақсыдай,
Ғасырлық кеудесін қар баса.
Өмірге келгенім жақсы ғой,
Бітірген ісім жоқ далбаса.
Алатау айтпайды жай кеңес,
Құшағын қытықтап бас қала.
Бақытсыз жылдарым қайғы емес,
Мақсатсыз мінезім масқара.
Алатау қарайды түнеріп,
Қыс мәңгі, жаз-көктем қала ма?
Арманым алысқа жүр өріп,
Сүймеген күндерім қара-ала.
Алатау асықпай түйеді ой,
Сезімі жаңбырдан қар болған.
Һәм ғұмыр сүйем бе, сүйе ме ол,
Бір қазақ жігіті жар болған?!





Пікір жазу