20.07.2021
  297


Алтын Жолдыбайкызы

Бақұл бол, Аға!

Қашанда қолда бардың Қадірін білмейтін, Жоғалғанды Мадақтап, Алтынмен қаптайтын елміз ғой! 


Өлгенде Мақтап, Тірісінде елемитін - ҚАЗАҚпыз.


(көпке топырақ шашпаймын!).


                                     НАР ТҰЛҒА…!


        Биыл Алаштың Арда туған, Биік тұлға, Тұңғыш Бард әнші Азаматы - Аяшұлы Табылды Досымовтың туғанына 50 жыл. 


Көзі тірі болғанында Ердің жасы-50 деп Қарапайым ҚАЗАҒЫМЕН бірге тойлар еді...


Амал қанша, Сұм ажал арамыздан Арыстай Азаматты ерте алып кетті. 


"Жақсының аты-Өлмейді"- дейді Халқымыз. Өзі Бақилық болсада, артында Өлмес-Өшпес Әндері қалды.


  Әндеріңізді тыңдап, айтып жүрсекте Жайдары жүзіңізді Сағындық Аға! 


 Бұл Дүниеде Жете алмаған жасыңыз бен Көре алмаған Қызықтарыңызды және Орындалмаған Армандарыңызды артыңызда қалған Ұл-Қыздарыңыз жалғасын!


      "Ер есімі-Ел есінде"-дегендей,   Қарапайым Қазағың мен Жүрегі елім-деп соғатын Саналы Ұрпақтар барда Атың да, Әндеріңде ешқашан өлмесі анық Аға…! 


     …БАҚҰЛ БОЛ Аға…!


Мінгенің - Пырақ, Қараңғы үйің - Жарық, Жатқан жерің - Жайлы, Топырағың - Торқа болсын Аға! 





Пікір жазу