20.07.2021
  1701


Алтын Жолдыбайкызы

Сағындым ӘКЕ, "Алтыным"-, деші

Қалайсыз ӘКЕ! 


   Сіздің арамыздан кеткеніңізге, міне, бүгін бақандай 11 жыл болды...(12.12.2003-12.12.2014)...


 Жатқан жеріңіз Жылы ма, Жарық па ӘКЕ?...


Білемізсіз ӘКЕ, Сіз кеткенде Мен не бары, 15 жаста ғана едім...


Әр күн сайын Өзіңіз тұрғызған Қара Шаңырағымыздың ашылған есігіне телміріп Сізді күтетінмін. Сол есіктен Құдды бір Өзіңіз кіріп келердей елеңдейтінмін. Өзгелердің ӘКЕЛЕРІНЕ қарап жәутеңдеуші ем. 


Өзге Құрбыларым ӘКЕЛЕРІНЕ Ренжігенде, мен оларга ылғи Өкпелеуші ем:  "Олай айтапаңдар. Қандай болсада, Ол ӘКЕЛЕРІҢ ғой. Қолда бардың Қадірін біліңдер. Еш кім Сендерге Жақсы Әкелерін бермейді"-, деп. 


Төрімізде Жадырап отырып, Еркелетіп, ылғи Маңдайымнан Сүюші ең ӘКЕ..."Ерке Қызым"-деуші едің. Сол "Ерке Қыз" бүгінде Ер жетті ӘКЕ...


  ӘКЕ...ӘКЕШІМ...АСҚАР ТАУЫМ...Бұл күнде сол Төрің Қаңырап бос тұр ғой ӘКЕШІМ...


Бізді тастап, бұл Фәнимен ерте қоштастың ӘКЕ... 


  Бұл, Сұм Ажал бізден кімді алып, кімді берерін еш сұрамайды екен...


        "АЛЛАға да Жақсы Адам керек"-,деп кейде өзімді іштей Жұбатамын...


Еркелеп Өскен Ерке Қызыңыз бұл күнде, бір Қанатынан айырылған Құс тәрізді... 


Сағындым ӘКЕ... Қабіріңнің басына барып кейде, 


Көктен төккен Нөсердей Ағыламын ӘКЕ...


    Өзіңе деген Сағынышым ешқашанда Жойылар емес ӘКЕ... Жүрегімдегі Мәңгі Сағынышым тек Өзің ғана ӘКЕ....


     ЖАҚҚАНЫҢ-ШЫРАҚ, МІНГЕНІҢ-ПЫРАҚ, ҚАРАҢҒЫ ҮЙІҢ-ЖАРЫҚ болсын ӘКЕ...


Артыңда Қалған 4 Перзентіңді әр қашанда Желеп-Жебеп жата көр ӘКЕ...


       БІЗ СЕНІ САҒЫНДЫҚ... ОРЫНЫҢ МӘҢГІ ЖҮРЕК ТӨРІМІЗДЕ ӘКЕ...


                            ӘКЕ...ӘКЕШІМ...АСҚАР ТАУЫМ...





Пікір жазу