20.07.2021
  167


Автор: Анар Шамшадинова

Құлазытты түсі көк

Құлазытты түсі көк,
Қала кеші қайыңды.
Күз елемес ісі жоқ,
Мендей масаң шайырды.
Жалғыз қалдым көшеде
Сезім жұтап жалаңаш.
Енді үмітім өше ме?
Қылғындырып дар ағаш.
Аспан алыс, ара мұң.
Жер кешірмей кінәмді.
Енді қайда барамын?
Пенде қайда ұнамды?
Өмір өтіп оралмас,
Көште жылап жас тұлға.
Бақыт шіркін, қол алмас,
Қалар аяқ астында.





Пікір жазу