20.07.2021
  128


Автор: Анар Шамшадинова

Шаршадым

Шаршадым
Шабыт көп азаптап.
Бақыт жоқ, мазақ қап.
Сен сағым
Соңынан кеткенсің.
Солайша бақытсыз еткенсің.
Шөлдедім
Бекеттің бал суын ішкім кеп,
Басыма сағыныш көшкін кеп,
Өлмедім
Алайда.
Түсініп келер деп қалайда.
Таңертең
Мұңымды маңдайдан өшірем.
Кел, ертең
Бәрін де кешірем.





Пікір жазу