20.07.2021
173
Биік үйдің басқышында
Үйленіп жастар, тойына
Үйден кеш шықтым бәлсініп,
Жүгірдім көше бойына
Жаңбырға түнде малшынып.
Биіктен көзін ел тігіп,
Жете алмай біздер ызалы, —
Басқышта қатты ентігіп
Келеміз ерлеп бiз әлі
Жеңешемізбен екеуміз
Жана үйде жүрдік адасып,
Шаршайын деген екенбіз,
Жеткенше мен де, о да асық
Әзілмен менi жүз іліп,
Әлсіреп қана күлді ерін;
Жеткенше қолда үзіліп
Жүдеп те біттi-ay гүлдерім!..