20.07.2021
154

Қонақтар
Қонақтар таппай еш тағат
Eгіндi көрді көлемді;
Eгіндi жарып бес сағат
Қайқаңға шықты жол енді
Алдағы «ЗИМ-дер» тоқталып,
Соңында нешеу ipкілдi;
Төбеде тұрды топ халық
Аударып бip тіл бip тілді
—Бұл жер де Қазақстан ба?
—Сіздіңше қалай, өзге ме?
Ұяттан күлкі қысқанда
Қонағым киді көзге не?
Көзінде фото-аппарат,
Eгінгe қарап жүгінді.
—Дәл солай жасап ап, тарат!
«Сахарамдағы» бүгінді, —
Деп едім, түгел шуласты:
—Хорошо! Жақсы!.. Жақсы, иә!..
Тағы да заулап бел асты
Шетелдік делегация.