20.07.2021
  116


Автор: Хамит Ерғалиев

Сонау аспан төрінен

Директордың жиылған
Төбесінде күртігі,
Қардан бейне құйылған
Құлақшыны, кірпігi.
Eлciз өткен сан жылы
Ала жота eңкeyi,
Кeзiп келді шаңғылы
Агроном eкeyi.
Енді жалау қолында,
Жел де долы күшінде,
(Ұқсайды екен жалынға
Жалау боран ішінде).
Жөнелете жерінен
Десе керек:
— Ертелет!
Сонау аспан төрінен
Төмендейді вертолет.





Пікір жазу