20.07.2021
  182


Автор: Хамит Ерғалиев

Ауылға баратын жолда

Жоқ бүгін баяғы құба бел,
Жолшыбай соқпайды ыстық жел.
Орманы бұл жердің нулаған,
Бұл жерде егінші қалын ел.
Студент көз алмай келеді,
Жирен ат ақырын жeлeдi.
Үлкен жол орманда
Жас бұтақ жамылған,
Студент ол маңда
Ескі ізден жаңылған.
Бұтақта құс сайрап бip тынбай,
Төменде толқиды ақ бидай.
Бұл жерде жер жаңа, ел жаңа,
Қайда екен баяғы ecкi жай?
Студент көз алмай келеді,
Жирен ат ақырын желеді
Жаңа жол орманда
Жас бұтақ жамылған.
Студент ол маңда
Ауылдан жанылған.
Көрмеді баяғы көп белді,
Алға тек алшаңдап ат желді
Бip кезде доп қуған, ойнаған
Көшеге ну орман ап келді.
Студент қайран қап тұр енді,
Ат басы қақпаға тірелді
Қақпалар орманда
Жас бұтақ жамылған.
Студент ол маңда
Ecкi үйден жанылған.





Пікір жазу