Күрегіме
Талай сыр, талай мағына
Ұмытылмай жүр менде;
Танушы ем ceнi жай ғана,
Еркін елде жүргенде.
Торғын жібек әр жылдың
Жаз айында ұзақ күн,
Сенімен жігіт қатқылдың
Жүретін қазып құдығын.
Я колхозшы жеңешем
Кете қалса үйге еніп,
Оны күтіп тұрушы ең,
Босағада сүйеніп.
Сонда мен де сәл тоқтап,
Кез жібepiп кей шақта,
Пушкин томын құшақтап
Жүруші едім аулақта.
Есімде менің бip түнде
Қаққаны жаудың дабылды,
Сол кезде оқтың өтінде
Сенен де бip күш табылды.
Есімде талай ажал — доп,
Еш жайым жоқ ұмытар;
Сен бар жерде қай окоп
Жатсам маған болды тар?
Жүзіңмен орып, тазартып,
Төсендім жат жер жапырағын;
Кей жерде кеттім қызартып
Қар басқан төбе топырағын.
Әділ жанның iзi деп,
Жұрт әлі соған қарайды.
Сол жерде жолшы нанын жеп,
Ойланып шылым орайды.
Мылтық пен сенен өлеңнің
Аямас сыйын жүрегім,
Қалқаны болған денемнің,
Кішкене ғана күрегім.