Құрманғазы (Эпилог)
Оқушым! Өзің соңғы толға сырды:
Ел қашан қалдырғалы ол ғасырды?!
Ал сонау ата күйшін, өз қасыңда,
Жүрегің жүрегімен жалғас ұрды.
Білесің, жазғырарда жендетіңді
Қаның мен жуды қанша тер бетіңді;
Әлдилеп бақытыңның құрбандығын
Қара жер қай жылдары тербетілді.
Сен достың қазасына жылағанда,
Қасыңа бөтен күйші жолаған ба?..
Алғашқы жеңісіңе жаршы қылып,
Өтетті өз парызын жыл оған да.
Өлкеңді бүгін мейлі ұшпағым де,-
Армандай ауыл, қала, қыстағым де,-
Қызметші баршасына Құрманғазы,
Шалқиды қырық мәрте қысқа күнде.
Сен оны қайта-кайта шақырасың
Өнердің солқылдатып сахнасын;
Жер түгіл, неше қабат ауадан да
Ол саған үндемесе, сағынасың.
Сен де бір бал арасы шырын жұтқан,
Динасы анаң еді шыныңды ұққан.
Ақ нұр мен гүлге бөлеп оны тағдыр
Әкетті кеше ғана шымылдықтан.
Оркестр.
Құрманғазы - құран мұнда.
He түрлі шешені бар құралдың да.
Дирижер Ахметің ақ буырыл,
Бейнетқор басын иіп тұр алдында.
Нәр алды көрші күйден, жырақ күйден,
Кейінгі кенжелері фрак киген.
Сүйкімді тотығыпты тотайлары
Бақыттың азабына бір-ақ күйген.
Егде шал, ерен жігіт, асыл қызың
Көктемдей көз алдыңда жасыл-қызыл.
Күн балқып өнерлінің күлкісінде,
Көзіңнен баяғыны жасырды жыл.
Сахна - егін, жайлау, далаңдағы,
Гүл шаһар сарайлары, алаң, бағы.
Оркестр - ел серісі дүдіретті,
Аты да Құрманғазы ғаламдағы.
Кешпеген түрме, сағым, аза тұман,
Қайғысыз мұндағылар азат ұлан.
Ұл-қызды музыканың ордасы да
Бабаның оқытады ез атынан.
...Ақ күмбез ақ
Еділдің құламасы;-
Зиратқа көшіп барды гүл анасы.
Лениннің ғасырының шуағында
Өнердің ұйықтап жатыр ғұламасы.
II
Өнерлі ұлы, қызы атаның мың
Жұлдызды жүрегінде Отанымның;
Паш етті бар ғаламға «Сарыарқаны»
Ұясы касиетті ортақ үннің.
Жаһанға жар салады Москвадан
Баяғы қара ,басы қашқын адам:
Шырқатып айтатыны ерлік, бірлік -
«Адамға бақыт тіле, қаш күнәдан!»
Ол Үлкен театрда отырғандай;
Үнінен найзағайдың оты ұрғандай;
Немесе ұлы орыстың аспанында -
Орнында періштенің ол тұрғандай.
Құп алған ердің таза кілең қанын
Ұлы алаң!
Енді неткен гүл ең қалың?!
Үстінде үні шалқып, бабам болды
Өз досы Чайковский, Глинканың.
Өнердің бал қосылды қаймағына,
Бабамнын аты қанша бай мағына?!-
Ол барды Европаның ұлы Моцарт,
Шуберт пен Шопен туған аймағына.
Бір өмір шалқып барып бір тоқтары,
Саз құмар Бетховеннің ұрпақ,тары
Атамнын. бағалаған асқақ үнін -
Қазақтың шаттығына ортақ бәрі.
Сыймаған шеңберіне ,аз ұяның,
Өнерпаз ер Ұланы Азияның
Тыңдады «Сарыарқаны» сапқа тұрып
Шырқады тағы-тағы әз зиялым.
Жайлаған күйге жомарт, сараң жақты
Kiм білмес «Адай», «Серпер», «Сарынжапты»
Алты хат Арабстан ферузасын
Айқара осынау бір сарын жапты.
...Айтшы, дос!
Өзің түгіл, асылында,
Жаудан да менің сырым жасырын ба?..
Құрметті академик Құрманғазы,
Өзімнің коммунистік ғасырымда.
Таңа алмас пітнәң да оны өсекке;
Ол әсте ,қалған емес көне шетте,
Ардақтап адамзаттың ақ тілеуін,
Үндейді о да ғажап келешекке.
Баламдай өлгенімше бар сүйетін,
Оқушым! Маған дұға қасиетің!
Түгестім дастанымды; сағат соқты
Бабамның рухына бас иетін.