19.07.2021
163
Үлкен Ардақ
Қыз қайда Ардақжандай туған айдай,
Күлім көз, оймақ ауыз, ақша маңдай.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сөйлесе сөзі майда, лебі жылы,
Жанымның сүйініші бұлбұл таңдай.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сені-ау, Ардағым,
Шақырғанда бармадым!
Болмас еді-ау, арманым,
Болса өзіңдей алғаным!
Ардақжан, сен ақ сұңқар бақшадағы,
Біреудің мәпелеген ақ тамағы.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Ерке өскен ел ішінде, ерке сәулем,
Секілді айдын көлдің ақ шабағы.
Сағындым, еркем, ах, ах-ау сені-ау!
Сені-ау, Ардағым,
Шақырғанда бармадым!
Емін-еркін сөйлесіп,
Тарқар ма еді-ау, арманым!
Үлкен Ардақ ардақ халық әні Әсет Найманбайұлы Әсет Найманбайұлы шығармашылығы Әсет Найманбайұлы өлеңдері