19.07.2021
155
Мақпал /1-нұсқа/
Хал қайда мен дұшпанмен алысарға,
Ат қайда жүйрікпенен жарысарға?
Жайлауға ел қондырып, қой қоздатып,
Күн қайда Мақпалмен табысарға!
Мақпалға айттым сәлем шын зерек деп,
Халқынан асып туған бір бөлек деп.
Көйлектің көктылас жеңін жалмап,
Алдымнан шықса Мақпал: “Сіз керек!” – деп.
Бейне бір нұр сәулесі түскенге ұқсас,
Дидарын көрген адам болмай ма мас.
Өзенге ағып жатқан бір шомылса,
Бойында гүлденбеген талы қалмас.
Ел-елдің іздемеген салы қалмас,
Мойнында ат, айғырдың жалы қалмас.
Алысқан қол, айтысқан серттей болса,
Мақпалды менен өзге ешкім алмас.
Мақпал /1-нұсқа/ Мақпал халық әні Әсет Найманбайұлы Әсет Найманбайұлы шығармашылығы Әсет Найманбайұлы өлеңдері