19.07.2021
  150


Автор: Әсет Найманбайұлы

Қызық-ай шіркін!

Қызық-ты бұл дүниенің қадірін білсең,
Түрлентіп орныменен қадірлесең.
Қадірлес жолдас-жора, достарыңмен
Бірлесіп, тізе қосып ойнап-күлсең.

Сауықпен бар әлемді араласаң,
Шалқыта бұлбұл құстай ән шырқасаң.
Жиын-той, сән-салтанат, думандарда
Тұлпардай серпіле бір жорғаласаң.

Халила-ау, уай,
Халилаки, кілдай.
Мәжнүн, дидаку қалқам,
Қызық-ай, шіркін, ахахай!





Пікір жазу