19.07.2021
190
Қоңыр қаз /1-нұсқа/
Ғажап көп жер мен көктің арасында,
Біреу бай, біреу жарлы дүниясында.
Құдайым сауысқанға берсе бақыт,
Самұрық қызмет етер саясында.
Аз қызық тіршілігің серуендей,
Ажалдан қалған адам еру елдей.
Жұмғандай көзді ашып жалған дүние,
Көшерміз әлі-ақ бір күн керуендей.
Ахау, сен – қоңыр қаз,
Мен – шаһибаз.
Айтқанмен таусыла ма
Көңілде наз?
Қоңыр қаз /1-нұсқа/ Қоңыр қаз халық әні Әсет Найманбайұлы Әсет Найманбайұлы шығармашылығы Әсет Найманбайұлы өлеңдері