19.07.2021
197
Қаракөз /4-нұсқа/
Балапандай баулыған құсым едің,
Түзден торға дәм айдап түсіп едің.
Қапаста асыраулы бұлбұл құстай,
Абзал зат, қай бақшадан ұшып едің.
Қанатым саған бола қалды-ау қирап,
Таба алмай ем дауасын тұрмын жинап.
Жас ғұмыр далбасалық күнмен өтіп,
Жаһатпен көп шаршадым жанды-ау қинап.
Қаракөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанда бармай қап,
Сұм басыма сөз келген.
Қаракөз /4-нұсқа/ Қаракөз халық әні Әсет Найманбайұлы Әсет Найманбайұлы шығармашылығы Әсет Найманбайұлы өлеңдері