19.07.2021
162
Қаракөз /3-нұсқа/
Қаракөз, қайда сенің ыстық күнің?
Дүниеде ғашықтықтың дерті қиын.
Кешегі жиырма бестің базарында
Болушы еді қалқам аулы күнде жиын.
Қара көзің-ау сүзілген,
Қыпша белің-ау үзілген!
Ауыздағы отыз тіс ақ маржандай тізілген.
О, Қаракөз, қалды-ау кейін!
О, шіркін, уайым жедім-ай!
Қарағым, сен де ақ маңдай, мен де ақ маңдай,
Арасы екі ауылдың шам жаққандай.
Кешегі жиырма бестің өтті шағы,
Не керек, өтіп барад күн батқандай.
Қаракөз /3-нұсқа/ Қаракөз халық әні Әсет Найманбайұлы Әсет Найманбайұлы шығармашылығы Әсет Найманбайұлы өлеңдері