19.07.2021
160
Қаракөз /2-нұсқа/
Қарасындай көзімнің сәулем едің,
Бастан кешкен баяғы дәурен едің.
Күндіз естен кетпейсің, түнде түстен,
Не сиқырмен басымды әуреледің.
Қаракөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанда бармай қап,
Сұм басым, үйбай, сөзге ерген.
Сенің биік, заңғар тау, қарауылың,
Әсем екен бөлекше жаралуың.
Күндіз естен кетпейсің, түнде түстен,
Жүректе қан денеме таралуын.
Сағынышты көңілім болды алаң,
Саған жетпес болса да қандай бағлан.
Малсыз, бақсыз, себепсіз сіздің дертің,
Бұған шипа, япырмау, қайдан табам.
Денсаулығым қалмады бір сені ойлап,
Сағынғаннан мен жүрмін судай қайнап.
Қосылмақты не қылса ойлаушы едік,
Дариясына тәуекел басты байлап.
Қаракөз сәулем көз көрген,
Түн ұйқысын төрт бөлген.
Шақырғанда бармай қап,
Сұм басым, үйбай, сөзге ерген.
Қаракөз /2-нұсқа/ Қаракөз халық әні Әсет Найманбайұлы Әсет Найманбайұлы шығармашылығы Әсет Найманбайұлы өлеңдері