19.07.2021
187
Көгершіннің баласы
Терезенің алдына
Көгершінге шаштық жем.
Біздің Ләйла барды да
Қуды оларды шетінен.
Сұрап едік шақырып:
– Тиісесің несін? – деп.
Айтты бізге ақырын:
– Балалары жесін, – деп.
Тағы үркітті, қарашы,
– Қой? – десек, бір болмайды.
– Қайсы? – десек, – баласы?
Көрсетеді торғайды.