19.07.2021
  159


Автор: Оразақын Асқар

Сағыз

Түнделетіп жеттік біз,
Сағындырған жайлауға.
Ерте тұрып Лаула қыз,
Шықты тысқа ойнауға.

Келді де тез оралып,
– Сағыз алып бер? – деді.
– Қарағайға баралық, –
Дедім алыс жердегі.

– Сұрап алсақ бола ма?
Дайын және жақын ғой.
Қойдың бәрі қорада
Сағыз шайнап жатыр ғой.





Пікір жазу