19.07.2021
  699


Автор: Құлыншақ ақын

Енесі жүдеп, нашарлап

Енесі жүдеп, нашарлап,
Ертелеп туған төл ғаріп.
Ауадан жауын кем болса,
От шықпай қалса, жер ғаріп.
Басшысы нашар жолығып,
Ынтымақ кетсе, ел ғаріп.
Көкала жылқы болмаса,
Бетегелі бел ғаріп.
Қаз-үйрегі болмаса,
Айдыны шалқар көл ғаріп.
Қатарынан кем тартып,
Қуаты кеткен ер ғаріп.
Жастайыңнан кесілген,
Он саусақ ойнап секірген
Ақ домбыра сен ғаріп.
Өлеңдетіп, әндеткен,
Айналаны сәндеткен,
Уақытым кетсе, мен ғаріп.





Пікір жазу