19.07.2021
129
Нұралыбек
Келіп ек кеуіл сұрап, Нұралыбек,
Түріңді түнәугіден көрмедік жек.
Жарылқап Жаппар Алла жағыңызды,
Сауалап сырқауыңнан аларсың кек.
Болып тұр өміріңе ел тілектес,
Бала еді деп білімге бай бір асыл тек.
Көл деген көп дұғасы нақылына,
Қарттардың керек емес келтіру шек.
Оңалып өзіңе өзің келе қойсаң,
Халқыңа қамқоршылық құрмасын ек.
1933.
Нұралыбек Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері