19.07.2021
  170


Автор: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы

Жиенбай жыраудың баласы Рүстембекке

Жерінді сұра шырақтанымаған,
Қиял сөз қиын емес әлі маған.
Атақты Алла берген байларға ұят,
Қоңсысы қасындағы жарымаған.
Әнің үшін әпсанамды аямаймын,
Дей қойсаң, мынау бір кеп, дәрі маған.
Қырық рет қысқа күнде шабылғанмен,
Тұлпардың тұқымы едің арымаған.
Озғай деп өз табынан атасындай,
Тілектес қай уақытта ғаріп ағаң.

1925.





Пікір жазу