19.07.2021
213
Қызылорда
Бектерім, болсын құтты Қызылорда,
Бақ қонсын бақтарыңа қорда-қорда.
Ойлы ерлер өздеріндей бас болған соң,
Құстар жүр көкте ұшып, қалған торда.
Аз бен көп, жарлы мен бай бірдей болып,
Ешкімнің емес енді еркі зорда.
Істерің күннен-күнге басар алға,
Тұрсаңдар туралықпен ошпу форма.
1924.
Қызылорда Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері