19.07.2021
  736


Автор: Қазақ халқының баталары

Ақ бата

Ақ бата – ата-ана мен ақсақалдардың, сондай-ақ, ел ағаларының ұрпақтарына білдірген жүрекжарды тілегі мен елі үшін еңбек сіңірген азаматтарына ақтарыла айтқан алғысы, яғни, ата-анасының ризашылығын алған перзенттер мен жас талаптарға, жорыққа, бітімге аттанғандарға, игілікті іс бастаған азаматтарға, құдалық жəне достық салтына, өнер қуған, ел тізгінін жаңа ұстаған талапты жастарға, жас отаулар мен «батаңызды беріңіз» деп өтінген адамдарға берілетін ықыластың бір түрі. Ол түрлі орта жəне нақты жағдайға қарай əр алуан мазмұнда жасала береді. Мысалы, көп үшін еселі еңбек етіп, үлкен қызмет көрсеткен жастарға:


Ел-жұртыңның гүлі бол,


Шам-шырағы, нұры бол,


Көп жасай бер, қарағым!


Болашақта ірі бол,


Ірілердің пірі бол!


Батырлардай санды бол,


Сал-серідей сəнді бол,


Бақ-дəулетті, малды бол,


Өз құрбыңның алды бол! – деген мазмұнда бата берсе, ал ата-анасының ризашылығын алған адал, арлы, кісілігі жоғары перзенттерге:


Көзімнің нұры бол,


Көңілімнің жыры бол!


Бақ құшып,


Бал жұтып,


Бабырдай ұлы бол!


Балдай бала бол,


Нардай дара бол,


Таудай талапты,


Фарабидей дана бол!


Майқыдай сыйлы бол,


Қорқыттай күйлі бол!


Асандай ақылды,


Бұқардай жырлы бол!


Аллаһу акбар! –деп, ақ батасын ақ жаңбырдай жаудырады.





Пікір жазу