18.07.2021
167
Асыра сілтеу қылатын
Асыра сілтеу қылатын,
Бұзықтың бәрі басылды.
Тозаңы тарқап олардың,
Көптердің көзі ашылды.
Кеңшілік бұлты күркіреп,
Жақсылық жауыны шашылды.
Бас көтеріп гүл біткен,
Боп қалды қызыл, жасылды.
Еңбекші біткен елпеңдеп,
Ор қабаққа асылды.
Ниеті жаман нек-нұқ бар,
Қылатын түлкі тәсілді.
Оларға да Үкімет,
Артар-ау оған масылды.
1918
сілтеу бұзық Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы