18.07.2021
145
Базаршыға тапсырма
Бір пұт май, екі сандық, бір пұт лампы,
Қасабдар он екі кез келген әлпі.
Бір топ тек, бір топ ақтық, қырық кез шыт,
Балалар жаңаратын киіп жалпы.
Сегіз кез қара дырап, сегіз кез тек,
Он бес кез қара парқыт қымбат нарқы.
Тәуір қол он жеті кез қызыл дырап,
Бір шәйнек келе қойса шама-шарқы.
Ақ жиек, жылтыр қара төрт кез сәтен,
Астарлық ажарлы шыт отыз алты.
Бір бөрік, екі кез зер, бір жақсы ер,
Бір тапа үлкен емес, яки таңқы.
Жүз табақ қағаз, қалам, дәуіт, сия,
Он қадақ көк қарта шай және қанты.
Әкеліп осыларды берушіге,
Союға бір бағланды болдым тәнті.
1909
базаршы тапсырма Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы