18.07.2021
181
![](/uploads/shorttexts/author_image/turmagambet-iztileuov-1-454x480-2x.jpg)
Қалдыбекке
Алла аты абайласаң қолында тұр,
Жазуы Мұхамметтің формында тұр.
Күн бітсе, кебінге орап көмер халқың,
Өлімнің екі аяғың орында тұр.
Ғибрат осылардан алмайынша,
Қаннастың Қалдыбек би торында тұр.
Іздемей тауба-таупих таусылса өмір,
Төбеңнен шайтан-сідік шорылда тұр.
1900
Қалдыбек өмір Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы