18.07.2021
217
![](/uploads/shorttexts/author_image/turmagambet-iztileuov-1-454x480-2x.jpg)
Омар мен Нұрмаханға
Көп ойланған өте артық
— Көп сөз айтып көпіргеннен.
Мәнді болса, аз сөз артық,
— Мәнсіз болып, сетілгеннен.
Ауызбірлік, тату артық,
— Тоз-тоз болып түтілгеннен.
Не де болса, ортасы артық,
— Жалғыз озып жетілгеннен.
Қалпи шауып, қалған артық,
— Сорға шауып кетілгеннен.
Тура сөйлеп тұрған артық,
— Өтірік айтып өтінгеннен.
Халық алдында қадір артық,
— Көкке мойын көтергеннен.
Кімге бол сын, жай сөз артық,
— Қабақ шытып жекіргеннен.
Табыс болса, баяны артық,
— Масаттанып лепіргеннен.
Әр жұмысқа — сақтық артық,
— Артын алып, бекінгеннен.
Сабырлықпен байқау артық,
— Қапыл шошып, секіргеннен.
Құр қылжақтан — тоқтау артық,
— Қадіріңді кетіргеннен!
сөз артық Омар мен Нұрмахан Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы