18.07.2021
  350


Автор: Төретайұлы Қабылбек

МОЙЫНДАУ немесе еркектер жыры

Әйел барда әуелейді бағамыз,
Арулардың қас-қабағын бағамыз.
Тек солардан біз қуаныш табамыз,
Тек соларға мұңымызды шағамыз.

Жан жар біздің — жан қиысар досымыз,
Тек жан достан жомарт қылық тосыңыз.
Өмір деген бес КҮН жалған тірлікте,
Әйелдерсіз болмас көңіл хошыңыз.

Өмірсерік — әр үйдегі КҮНІМІЗ,
Жан жолдассыз не болады КҮНІМІЗ?!
Тек солармен солмас көңіл гүліміз,
Жарымызбен жарқын шығар ҮНІМІЗ.

Аруларға әппақ құшақ жайыңыз,
Аруларсыз болар ма екен жайыңыз?!
Әйел барда жарығырақ шамымыз,
ӘОеп барда қоюырақ шәйіміз.

Әйел деген — Құдай қосқан жарымыз,
Аналардан жаралғанбыз бәріміз.
Жұбай дегөн сүрінгенде сүйеуің,
Өмір бақи таусылмайтын нәріміз.

Асыл жарлар — аяқталмас әніміз,
Аңсар әнсіз жарасар ма сәніміз?
Қолаң шашқа құштар болып өтеміз
Қара жерге енгенінше тәніміз.

Еркектік сөз, құй нанбаңыз, наныңыз,
Сұлу десе ауырады жанымыз.
Сәл нәрсеге кінәлаимыз соларды,
Сәл нәрсеге жөн сұраймыз тағы біз.

Лағыл көздер — алауланған шамымыз,
Дауыл кездер — арайланған таңымыз.
Жан жар десек есімізді алады,
Гүлдей қызға гүл сыйлаған шағымыз.

Сұлу айтса бір тілегін жықпаймыз,
Суық соқса арланбай-ақ ықтаймыз.
Ауыздықтап алса-дағы бас білмей,
Түптің түбі айдауынан шықпаймыз,

Ер азамат, сырымды оң ұғыңдар,
Алғаныңа ақ гүл сыйлап тұрыңдар!
Қиғаш қастар, ақ білектер — Хауа Ана
Ана СҮТІН нәр етпеген кімің бар!

Ару, Ана мөйірім мен шапағат,
Мінәжат қыл,- тәу ет, сонан шапақ ат!
Әйел, Ана, айнымайтын асыл жар
Мәңгі мөлдір, кір шалмайтын махаббат!





Пікір жазу