18.07.2021
  299


Автор: Төретайұлы Қабылбек

Ей, ақын дос, мұңдасым


Ей, ақын дос, мұңдасым,
Не көрмеді бұл басың?
Жүрегіміз жырласын,
Жыр-жылғамыз тынбасын.

Сұм тағдырдан не көрдің?
Жыр-тамырдан көгердің.
Соңындағы төгер мұң
Ерте кетсе егер кім.

Беу қаламдас, Намыскер,
(Талтаңдайды «табыскер»)
Бәсеке емес ұлы өнер
Тайталас не жарыс дер!

Иә, Тәңірім!
Шын тұлпарға — шабыс бер,
Ақ сұңқарға — ғарыш бер.
Еңірегөн елім деп
Толағайға намыс бер!

Беу, Бауырым, қаламгер,
Ен жайласын Даламды ел.
Сәбилерді сипасын
Уыз ойлы самал жел.

Тулап төсте баи егін,
Болсын соған сай елім.
Тыныштық тек тербетсін,
Тіршіліктің мәйегін.






Пікір жазу