18.07.2021
  157


Автор: Төретайұлы Қабылбек

БАТА - ТІЛЕК

Қиын-қыстау кемді КҮН
Өтті,
Жетті теңдігің,
Құтты болсын ендігің,
Мықты болсын елдігің!

... Зәрлі заман төкті уын,
Зарлап өтті көп буын.
Енді өрлеп шоқтығың,
Шалықтасын көк туың!

Жігеріңді жаныған,
(Бұдан құдірет мән ұғам)
Шарықтасын Әлемді!
Ел мерейі — Әнұран.

Қос қанаттан зөр тамған,
Тұлпар-тұрпат төл таңбаң.
Ұлы көшке бастағай,
Қазақы ен — Елтаңбаң!

Ырыс тасып өлкеңнөн,
Сұқ қадалмай желкеңнен,
Тұтқа болсын тұрмысқа
Тұңғыш теңгең — Төл теңгең!





Пікір жазу