file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  18.07.2021
  143


Автор: Төретайұлы Қабылбек

АЛМАТЫ. 1986-ЖЫЛ.


Біледі мұны жасың да
Біледі мұны егделер.
Бестің төрті осында —
Бейбауырмал бөгделер.

Мұны айтты деп шошынба,
Бағамдашы кім не дер?
Бестің төрті осында —
Келімсек пен кірмелер.
Жарасқандай тамашаң,
Бөгде тілде шатып-пұттық.
Бажайлап бір қарасаң —
Бестің төрті жат жұрттық.

Қырдан келген қара көз,
Жетім боп жүр бұрышта.
Бұдан өткен бола ма ез,
Ал енді осы дұрыс па?

Үш ғасырдай қорланған,
Зарланған да мен едім.
Ана тілі сорланған,
Не деген ез ел едім?!

Қанға құмар қылыштан,
Қидаланған мен едім.
Мұрындықпен дұрыстап,
Бұйдаланған кер едім.

Өз үйімде төрімнен,
Ысырылдым есікке.
Түрткілейді көрімнен,
Бұйырды осы несіпке.






Пікір жазу