18.07.2021
  342


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Соңғы аялдама 3 бөлім

Аптаның алғашқы күні... Жолда жүзі сұрланып, əбіржіген Айғанымға бірде бір көлік тоқтамады. Ішінен қандай көлік болса да отырайын, тоқтаса екен деп тілеп тұр еді. Сол мезетте бір көлік тоқтады. Айғаным қайда екенін айтпастан артқы орындыққа жайғасып алды. Енді сөйлеуге оқталғанда: -Сізге оқу орнына жету керек пе?- деген таныс дауыс естілді. Айғаным өкінгендей кейіппен: -Сіз шамасы мені аңдып жүрсіз ау?! Көлікті тоқтатыңыз! Есіміңіз  Абу ма еді? Кім өзі?-деп айқайға баса бастады. Ал жігіт сабырлы үнмен: -Көшеде құлап қалғың келмесе тыныш отыр,-деп басу айтты. Əрмен Абу сөзін жалғап: -Сіз маған ешкім де емессіз! Бұл жүрісіңізбен өз өзіңізді өлтіріп тынарсыз. Неге өзгермейсіз?-дей бергенде Айғаным: -Болды жетер! Маған бұлай айтуға хақыңыз жоқ,- деп түсіп кетті. Жолда өксік тығыла сабағына да жетті. Түскі үзілісте əдетінше аулада отырған. Бояну жайлы жиі айтатын құрбысы Жəудір ентіге жетіп: -Айғаным саған мынаны беріп жіберді,-деп қолына бір қорапты ұсынды.
Сыртында "МЕНІҢ ХАДИЯМДЫ ҚАБЫЛ АЛЫҢЫЗ" деп жазып қойыпты. Ішін ашса түрлі тəттілер бар екен. Барлық бірге оқитын қыздар жинала қап "кімнен келді?ауыз тиейік"-пен қолына бір ғана дəм бұйырды. Ішінен "Қап, Абу! Бұл сіздің ісіңіз екенін білем! Сыйлығымды қабыл алды деп ойлайтын болды ау" деп ауыр тыныстай бастады.  Кешкі 5  терде сабақ аяқталғаннан соң Абу Айғанымды күтіп тұрды. Айғанымның қырсықтығын жеңем деп қанша тырмысып жүрді. Бірер аптадан соң сыйлықтар оқу орнына емес тіке үйіне жеткізілетін болды.  Айғаным іштей ата анасынан ұялып жүретін. Абуға мінезін көрсеткенмен оның істеген істері ұнайтын. Бірде Айғаным ашуланған түр жасап:
- Сізден маған не керек? Не үшін мына сыйлықтар?- деп ұрыса жөнелді. Абу да мезі болған кейіп танытып: -Ұнамай ма?- дегенінде: -Жоқ!- деп Айғаным да бұртия үйіне кіруге асықты. Абу сод мезетте: -Кімді алдамақшысың, қу қыз?-деп қолынан ұстап алды. Айғаным: -Қайдан біліп қойдыңыз?-деп сықылықтай жөнелді. Екеуі достасып, əңгімелері жараса бастады. Абу Айғанымды өзгертем дегенді мақсат етіп, оның күн тəртібін өзі түзіп беретін. 3 айда Айғанымның денсаулығы жақсара бастады. Бұрынғыша емес, реңі кірген томпиған қыз боп шыға келді.





Пікір жазу