18.07.2021
  272


Автор: Ардақ Жолдыбаева

Соңғы аялдама (1 бөлім)

 Құдды тар қапас секілді. Жо-жоқ одан да зорғысы ау?! Əйтеуір жалғыз аяқ жолмен келе жатыр. Бір кезде жол тарыла бастады. Үлкен бөренені бойлай, аяғын əзер басуда. Бөрененің ұшына  келгенінде ой қиыры жоқ жерге құлап түскендей болды. Əлсін əлсін дем алып, көзін ашса түсі екен.  Айғаным тездетіп орнынан тұра қояйын деп еді, аяқтары ұйып, шамасы жетпей жатқанын сезді. Біраз секундтарда басылған соң, сабағына асыға жөнеліп, үйден зымырай жүгіре түсті. Тіпті, анасының "Қызым нан ауыз ти" дегенін естімеген кейіп танытып, жол бойына тоқтаған автобусқа жайғасуға асықты.
 Үйлері қала маңынан шалғайда əрі ол маңға тек бір ғана автобкс бағыты жүретіндіктен асығып жүретін. Бұл үрдіс оның əдетіне айналған еді.  Күнделікті үзіліс кезі еді. Бəрі сыртта іш пыстырарлық 90 минут жайлы сөз ететін . Үзіліс кезінде аула алдындағы көлеңке жерде орналасқан орындыққа жайғасып отырып алды. Айғанымға Жəудір келіп амандасып əңгімеге тарта бастады. Жəудір: - Осы сен неге боянбайсың? Тым құрығанда ерніңе жақшиш,- дей бергенде: -Маған ұнамайды! -Қойшы! Қазір боянбасаң, көшеге шықпасаң кейін тұрмысқа шыққан соң өкінесің,- деп өзінше ақыл берді. Айғаным болса мырс етті. Жəудір сөзін жалғап: - Маған əкем 30 000 ақша берді. Мен оған кірпік жабыстырдым, қас бояттым, қараш-қараш тырнақ істеттім деп мəз болды. Осы айда бүкіл косметикамды алып алдым деп ауызы жабылар емес. Айғанымның үнсіз отыра бергенін байқап: - Əй, инеопланетянка сөйлесиш деп қояд. Содан кейін ме: - Еееһ...құрбым, құрбым. Əкеңнің маңдай терімен тапқан ақшасына кірпік жалғатыпсың, косметикаңды да аямай сатып алыпсың тағы бір нəрсе сатып алуды ұмытып кетіпсің! - деді. Жəудір күлімдеп: -Нені? - деп сұрады. Əрмен қарай: -Ми. Ми сатып алуды ұмытып кетіпсің! - деп орнынан түрегеп кете берді... Осы бір сөзден кейін қыздар қауымы оған жау секілді көрінетін. Оқуға түскеніне 1,5 жыл болса да, өзіне лайық дос тапқан да емес еді. Аптасына бір рет кітапханаға кіруді əдетке айналдырып, кітаптағы əр мəтінді шұқшия қарап, оқып отыратын





Пікір жазу