meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  18.07.2021
  275


Автор: Бағлан Ерғали

Менің хәлім

Келгенім жоқ өмірге ақын болып,
Ескі дұшпан дос болмас жақын болып.
Таныстырып өтейін өзімді мен,
Ерғали Бағлан ед(і)атым толық.

Өлең - тұлпар жеткізбей арындаған,
Таза ұста кірлетпей арыңды, адам!.
Орта жолда сүрінбес бағын тапқан,
Өр мінезден бойдағы арылмаған.

Өлең - құсым көңілімде сайраған,
Бірге шырқап ән салғандай сай, далам.
Шуағынан ет жүрегім нұр алып,
Күндей болып жарқырайды айналам.

Талағандай кеміріп жанымды мұң,
Қайдасың, қайда кеттің жалынды үн?
Өлеңімен тербеген бар ғаламды,
Қайғы ойлаған Абайдай хәлім бүгін..

Хәлім осы, ескі үйдей күйреген,
Өмір - дүрмек, өмір шіркін, күйбелең..
Ақындардың тынысына дем берген,
Қоңыр сазды мәні терең күй, өлең,
Нәсіп етсе ақын болған күйде өлем!.





Пікір жазу