18.07.2021
  240


Автор: Бағлан Ерғали

Жетісудың Өр ұлы

(Жекпе-жектен екі дүркін Азия чемпионы, сыныптасым Оспанов Дастанға)

Айбатынан жан түршіккен, Арыстан,
Дастан десе дұшпан қашқан алыстан.
Жекпе-жекте алыптармен айқасып,
Ұрандатып халқы үшін алысқан.

Армандарың алға қарай жетелер,
Ұмтылған мақсатыңа жете бер.
Көк байрақты желбіреткен құлатпай,
Дастан досым, арыстандай екен ер!.

Қасқыр мінез қазағымның ұлысың,
Мәңгі үлгі ұрпақтарға бұл ісің.
Қазақ десе, қақ айрылған жүрегі,
Бермей өтпес жетімдерге қол ұшын.

Қажмұқандай батыр болғын әйгілі,
Алты алаштың жарқыраған, Ай, Күні.
Жетісудан өсіп-өнген, Дастаным,
Алыстатсын сенен жырақ қайғыны.

Өн бойыңнан жойқын күшті көремін,
Шаршы алаңда ширатылған өренім.
Қыран құстай қанаттанып самғаған,
Асқақтатсын есіміңді өр елің!





Пікір жазу