18.07.2021
  206


Автор: Бағлан Ерғали

Бақыт деген не өзі?

Бақыт деген не өзі,? Түрі қандай?,
Көңіл мұңлы, шаттығы құрығандай.
Торуылдап көз тігіп айналама,
Жүріп алды қасқа мұң ұры-қардай.

Бақыт деген - еркелеген ұл- қызың,
Жырақтаса, күткендейсің жыл құсын..
Ақ сүтпенен ата салтын сіңірген,
Өскен бала қырда бағып жылқысын.

Бақыт деген не өзі? Кім біледі?,
Күлімдеп қашан көктен Күн күледі?
Өлең жазып толғандым, айға қарап,
Шабытымды түрткілеп түнгі лебі.

Бақыт деген - қызықты бала шағың,
Өткен күндер кешегі ала сағым.
Не болар деп мұңаям енді менің,
Көзден ғайып, сыр толы болашағым?





Пікір жазу