18.07.2021
232
Өр қазағым
Халқың үшін жаныңды бер, еңбек ет,
Кетер адам, өтер өмір дөңгелеп.
Ақылына серік еткен өр ойын,
Пенделердің ісін Тәңір жөндемек.
Ізін жалғап Әбу Насыр ғалымның,
Шартарапқа даңқың асып танылғын.
Ғылым емес, атақ, мансап қуам деп,
Тура жолдан, неге қазақ, жаңылдың?
Әр қазақтың баласына дарып бақ,
Қолдап жүрсін Алла өзі жарылқап.
Білім іздеп Ыбырайдай, ойлы жас,
Қараңғыдан алып шығар жарық тап.
Есіл болып, сарқыраңдар! Тасыңдар!,
Қазағымның қамын жеген, қас ұлдар!.
Бірің батыр, бірің ұлы ғалым боп,
Қара түнек надандықтан қашыңдар!.
Көк бөрінің ұрпақтары жол бастар,
Ұл-қызыммен мақтанамын, жолдастар!
Сарқылмайтын ұлы мұра қалдырған,
Қазақ үшін Сүлейменов Олжастар!