18.07.2021
  241


Автор: Бағлан Ерғали

Өткінші өмір

Баяны жоқ өткінші келте ғұмыр,
Құстай ұшып өте шығар қас-қағым.
Жастық шағың қызықты ертегі бір,
Шуақ нұрын жерге төккен аспаның.

Еске алып мұңаямын, күлемін,
Достарымды асыр салып ойнаған.
Таба алмай дертті көңіл бір емін.
Өлең жазып жабығамын, ойланам.

Айналып кеп оралмас кешегі күн,
Балалығым ақ сағымға тұр ұқсап.
Жердің асты болар мәңгі төсегің,
Ажал келіп құлатқанда құрық сап.

Ет асылып қазан тұрар бұрқылдап,
Жақын, туыс еңіретіп барлығын.
Жазғанымен пенделерге мың күн бақ.
Сынайды Алла қайғысымен арғы күн..





Пікір жазу