16.07.2021
  307


Сыйластықты бағалайтын жандарға қысқаша тілек

Жетейік мұрат мақсатқа


Жүрейік əркез жақсы атта.

Көңілі жақын достарды

Ешқашан тəңір ақсатпа.

Бауырға бақыт тілейік

Қай жерде тұрып жатсақта.

Ынтымағыңды жоғалтып.

Біріңді бірің қақсатпа.

Адалдық таза ниетті.

Айнытпай мəңгі нақ сақта.

Айналып өмір келмейді.

Жинаған малды сатсақ та.

Сыйласып қана жүрейік.

Мол байлыққа батсақ та.

Тəңірім берген күш-қуат

Жеткізер мұрат мақсатқа.

Ағайын- бауыр, құрбылар,

Болайық лайық жақсы атқа!!!





Пікір жазу