16.07.2021
  1324


Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Бүгін біз сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күнін атап өтудеміз.


Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі.
Сіздер күнделікті қызметтеріңізде адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге атсалысасыздар. Халық көп жағдайда биліктің демократиялылығы мен пәрменділігін сіздердің іс-әрекеттеріңізге қарап бағалайды.
Қазақстандық полиция өзінің құрылған күнінен бастап ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді.
Осынау ортақ іске Қарағанды облысының ішкі істер департаментінің ұжымы да елеулі үлес қосуда. Оларды әрқашан жоғары кәсіби шеберлік пен өз ісіне деген адалдық ерекшелеп тұрады.
Біз сіздердің кәсіптеріңіздің қаншалықты қиын, тіпті кей жағдайларда аса қауіпті де екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да мемлекет те, жергілікті билік органдары да сіздердің еңбектеріңізге қолайлы орта туғызу үшін, материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап келеді. Бұл мақсатқа жыл сайын қомақты қаржы бөлініп келеді. Сондықтан сіздердің тараптарыңыздан да тиісті еңбек пен лайықты жауапты күтуге құқығымыз бар. Сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижесі де, қоғамдағы абырой-беделдеріңіз де осыған байланысты болмақ.
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге және барлық туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, ырыс пен береке және еңбекте толағай табыс тілейміз.





Пікір жазу