16.07.2021
174
Аспан — садақ, ажал — оқ
Аспан — садақ, ажал — оқ,
Мысалы Алла — мергенді.
Жер — омақа, біз — қоян,
Етуге әл жоқ ербенді...
* * *
Ер — дарақ ойлағанда, ұл, қыз — бұтақ,
Бұтағын Бау Иесі алса бұтап.
Түзеліп тақыстары, татаусыз боп,
Тағы да тамыр жайып, қаулар тұтап.
Кең ойлы кемеңгерлерге керегі кем,
Қалам деп қайғылану қатаң жұтап.
Талайлар тартып мінжат тартқанменен,
Тәңіріден "Таң атты" деп келген қытап1.
Бәндәсін, бірлігіне болған қайыл,
Қылғанмен, қуандырған, қақар қытап.
Солайша адабы Алла — болса жары,
Сабыр айлап, соңын сұрап, қылма шытап.
"Қуант, - деп, - құлдарымды сабыр қылған!"
Сөйлеп тұр Сәруәрға енген Кітап
1900
аспан ажал Алла Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері